Сəлем қыз-келіншектер! Мен өз басымнан өткен оқиғаны жазайын.  Мен бір үйдің жалғыз қызымын. Əкем жоқ.( жок болғанда анаммен ажырасқан). Кішкентай кезімнен анаммен тұрдым. Анам əкем жайында ештеңе айтпайды. Айтатыны тек алқаш, қайыршы, дым көрмеген дит.

Анам мен əкем өте жастай үйленген.( некеде тұрдыма- тұрмадыма оны білмейм).Анам мені дүниеге əкелген күні 17ге толған. Анам кішкентай кезінде 6-7 оқып жүрген уақытында ата-анасынан айырылған. Нағашы апаларында, нағашы аға-женгелерінде қолында жүріп өскен. Анам тұрмысқа шыққанда əкемнің анасы(енесі анамның) анамма күн көрсетпейтін болған. Əке- шешесі жоқ жетім қыз, далада қанғып жүрген деп неше түрлісін айтқан.

Сөйтіп жүріп анам бəріне көнген үндемеген. Қыстын қақаған аязында анам екеумізді куып шыққан. Мен бесіктегі кішкентай сəбей болғанмын. Сол бесікті үйден теуіп шығарып, бесікті лақтырып тастаған екен.( оны маған нағашы апкем айтқан). Есімді білгелі əкемді көрмедім. Жалғыз қыз болғаным не керек. Анамнаң үнемі таяқ житынмін.(əр бір ұсақ түйекке). Балалықпен бірдеме бүлдірсемде, əліппе оқи алмасамда, мектептен 2 əкелсемде, рұқсатсыз далаға шығып ойнасамда, сабақ бітесалысымен үйге тіке келуім керек болды. Кішкене ойнам қалсам біттім.

Оқтай, палас қағатын сапалақпен өлгенше таяқ житынмын. Есімді білгелі таяқ, есейгенше таяқ. 9 бітіріп колледжге түстім. Менім шамалас қыздар кешке таман далаға шығатын қыдырып жүретін ал мен болсам үсті басым көкала. Анам ұрғанда үнеме əкеңе тартқансын. Сені бекер тудым екен, бір жерің маған ұқсамаған. Сенді бір рет болсада менің ашуыма ти сені интернатқа, детдомға апарып тапсырып тастаймын деп қорқытатын мені. Колледж оқып жүріп бір баламен таныстым жүрдік кездестік. Білмей неге екенін мектеп бітірген соң анамтың таяғына тойдымба үнемі үйден қашып кететінмін. Құрбылырымда болмады менің.( маған тел.соққан құрбыларыма айқалап тастайтын) содан құрбыларым болмады. Жігітім сұрайтын неге үсті-басың көкала деп. Содан бярін айтым анам екеуміз жайында.

Не бары 16 жастағы қызбынғой. Сонда жігітім айтатын кішкене шыда содан сон маған əйел боласын деп. Солай жүріп 2 жыл жүріпіз. Анам мүлде білмеген. Жігітім тел.соғып жаным анаңа айт мен жақ құда түсуге барады, сырға тағуға. Содан соң болды бярі бітеді сен менің касымда боласын деп айтқан.

Мен анамнаң қатты қорқып қалғанмын аузым бармады айтуға. Анамның апкесіне айтқанмын бярін. көкемай сен əлі 18ге де толмағансыңғой қалай болады екен деді. Ия солай жүріп 18ге толуыма 2айдай қалды. Анамды көндірді. Сол 18ге толмай жатып сырға тағып құда түсті. Тойға нағашыларым бəрі көмектесті (ақшалай, заттай).

Туылған күнімде келіп жетті 18геде толдым 2 аптадан кейін тойым болды. Қазір тұрмыс құрғаныма 9жыл болды. 2кі ұл балдарымыз бар АЛЛАХқа шүкір бақыттымын.

Достарымыздың бəрі айтады сендердікі бала махаббат болды ғой деп.

Аноним