Сәлем қыз-келіншектер, оқырмандар... Менің жасым 22-де, тұрмыстамын, 1 жыл 5 ай болды тұрмыс құрғаныма. 1 қызымыз бар, 5 айлық. Күйеуім екеуіміз бір бірімізді жақсы көреміз.

Бірақ араға түсушілер көп. Енем мен қайынсіңілім араға от салып, әр нірсені айтады, «қыз алып береміз»,  «қарызданып той істедік» деп көп әңгіме айтады.

Той істесе де баласы үшін істеу міндеттері ғой, несін айтады екен оның.

Өзін келісіп келгенсін, ешкім сені зорлап әкелген жок, деп сөйлейди. Жалғыз баласы болған соң ба, қызғанады, бәле болды туыстары. Өзім мамам онша ұнатпайды енемді, куйеуім жақтағыларды. Өздерін біліп алмайды, арттан әнгіме айтады. Жұрттың көзінше енем маган жап жақсы болып қалады. Күйеуіме звондап, миын жейди, өмірі бүрісіп қапа болып жүреді, аулға барсақ.

Сондай қақпас десем де болады, адамға өтірік жалпақтайды. Үнемі ақша жоқ деп жүреді.

Ол олма, немерелерін род. домнан алып шығуға да келмеген, ақшам жоқ деп. Құдай-ау бұл қай заман? Жалғыз баласы емес пе? Ене ешқашан өз шешеңдей болмайды екен, соны түсіндім.

Аноним