Желіде бір-біріне деген ілтипатын жасырмай, сезімін білдірген қариялардың видеосы лезде тарап кетті.Қарттардың махаббатына сүйсінген жұрт жастарды олардан үлгі алуды шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео Facebook желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған. Видеода қария мен оның өмірлік жұбайы бір-бірінің қолын сүюде.Шалының денсаулығын ойлаған кейуана оның аяғын уқалап, қолынан қайта-қайта сүйе берген.

Қариялардың бір-біріне деген ілтипатына куә болған ел көзіне жас алып, түрлі пікірлерін жаудырды.