Атыраулық әжей ақша үшін туған немересінен бас тартты деп жазады Аrtpress.kz.

Қыз бала туғалы бері балалар үйінде тәрбиеленген.

«Биологиялық анасы қызды баға алмаған. Біз оның туған әжесін тауып, баланы асырап алуға көндірдік. Құжаттарды дайындап, туысымен психикалық тұрғыда жұмыс істедік», – дейді Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының директоры.

Дегенмен әжесі немересін асырап алғаннан кейін ай сайын төленетін жәрдемақы уақыты келгенде қаражатты азсынып, баланы кері әкеп тастаған. 

«Туған әжесі тастап кеткеннен кейін бала қатты жылады. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», – дейді балалар ауылының директоры.