Бірнеше белгілерге қарап оның ойы көздегенін тек төсекке аунатып алу ғана ма әлде сезімді шаңырақ құрумен жалғастырғысы келе ме, онысын байқауға болады. Бұл жерде қыз-келіншектерге сәл «көзді ашып» қарау керек.

Бірден келісіп алайық. Бұл тақырып басы бос қыз-келіншектерге арналған. Сондықтан отбасыңыз болса, сізді қызықтырмайды деп ойлаймын. Ал өмірлік серігін әлі де іздеу жолында жүргендерге пайдасы тиіп қалар.

Көптеген қыз-келіншектерден (басы бостар, қайталаймын) «кездесіп жүрміз, бірақ ойында не бар екенін түсінбеймін» дегенді көп естимін. Кім біледі, ол еркектің де айта алмайтын бір мәселесі бар шығар. Бірақ, бірнеше белгілерге қарап оның ойы көздегенін тек төсекке аунатып алу ғана ма әлде сезімді шаңырақ құрумен жалғастырғысы келе ме, онысын байқауға болады. Бұл жерде қыз-келіншектерге сәл «көзді ашып» қарау керек.

Еркектің ойын оқуға болады

Еркекте екі махаббат болады: бірі – «тән махаббаты», екіншісі – «жан махаббаты». Шамалап түсініп отырған шығасыз. Яғни, «тән махаббатымен» ауыратындар – тән ләззатына қанағаттанып жүре берсе болды. Ақшасы бар, төсекте тұрақты серігі және бар, қызметі жүріп жатыр. Отбасын құрып, миын артық жауапкершілікпен ашытқысы келмейді. Сондықтан қасыңызда жүргенде де бала, шаңырақ көтеру туралы әңгіме бола қалса, басқа жаққа аударып жібере салуы мүмкін.

Екінші жағдайда, «жан махаббатымен» жүретіндер неге болса да дайын. Бірақ оларды белгілі бір жағдайдар (қалтасының таяз болуы, баспанасының жоқтығы, отбасылық себептер және т.б.) Қасыңыздан табылуға тырысады, көмектесіп-ақ бағады, шамасы жеткенше сыйлық жасайды. Бірақ шаңырақ құру тақырыбына келгенде кідіріп қала береді.

Бастапқы тақырыбымызға оралып, ойында тек төсек қана бар еркектердің қақпанына түсіп қалмау үшін олардың белгілеріне назар аударайық. Біреуге ұзақ уақыт қолжаулық болып, маңызды қадам жасарда көз жасын көл қылып қала бергенше, ондай еркектерді басынан бастап зерттеу қажет.

Еркекке тек төсек қажет екенінің басты белгілері

1. Ол тек төсек туралы айтады

Тіпті, өзіне не керек екенін танысқан күннен бастап-ақ ашық айта беретін тым батылдары да бар. Ол қызды шошытып алам-ау деп қорықпайды. Керісінше, өзіне басынан бастап үйретіп алып, дегеніне ертерек қол жеткізгісі келеді. «Белден төмен» әңгіме айтатындар әйел затына дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындардың «сұрыпына» жатады.

Ашық болмаса да ойын астармен, әзілмен айта беруі мүмкін. Өкпелеп қалсаңыз, әзілге жатқызып, тамырыңызды басқа жағына баса бастайды.

Есте сақтаңыз, мұндайлардан танысқан кезден бастап абай болғаныңыз дұрыс. Басқа біреумен жатқан кезін әңгімелеп, төсектегі жетістіктерін айтып кетсе, «сау бол» деп ара қатынасты бірден үзе салсаңыз, қателеспейсіз.

2. Тым жинақы әрі тәртіпті

Қыз-келіншектердің көбісі осындайларға алданып қалады. Рас, ол жоғары қызметте, шаруасы тындырымды. Сөздері де байсалды. Тәртібі де көз сүйсіндірерлік. Артық сөзі, ерсі қылықты мүлде көрсетпейді. Оның үйіне барсаңыз да, артыққа кетпейтініне серіп қалғандайсыз. Бірақ...

Қалай байқауға болады ойын?

Оларда эмоция деген болмайды. Шынайы күліп, жан-тәнімен қуана алмайды. Еріксіз езу тартқызатын жайттарға сіздің көңіліңіз қалмасын дегендейөзін зорлап жымия салуы мүмкін. Міне, тап осы сәтте оны «ұстай» аласыз. Сонымен қатар, бірнеше рет байқап көруіңізге болады.

Ол үшін өзіңіз қайталап көре берсеңіз де күлкіңізді келтіретін анекдот немесе видео көрсетіп байқасаңыз жеткілікті. Ығыры шықса, «сол да қызық боп па?» деп өзінен хабар береді.

Мұндайлар сіздің тәніңізден ләззат алған күннің ертеңіне телефон нөмірін лақтырып тастай салуы мүмкін. Немесе жұмыс орнын ауыстырып, басқа қалаға кетудің алдында сізді барынша «пайдаланып» қалғысы келеді.

3. Жұмбақ еркектерден абай болу керек

Жоғарыда айтып өткеннен де өзін жұмбақ ұстайтындары кездеседі. Өзі туралы мүлде айтпайды. Сіз оның қайда жұмыс істейтінін, бұрын отбасы болған-болмағандығын, тіпті, мекен-жайы қайда екенін де білмейсіз.

Олармен өмір, тағдыр жайында әңгіме айтып байқап көре аласыз. Егер сіздің әңгімеңізге еріп, оған байланысты өз айын ашық айта берсе, қорықпауға болады. Егер үнсіз тыңдап, бір қасын көтеріп қоя салса, ойы «бұзық»... Сізді ешкімге керек емес біреу деп ойлап, өзіне бауыр бастырып алғысы келеді.

Кездесіп жүргеніңізге біраз болса да достарымен таныстырмағанын, өз ортасына апарғысы келмейтінін байқасаңыз, оның ойы біреу-ақ – тек төсек.

4. Сіз үшін ақша жұмсағысы келмейді

Шатастырып алмаңыз, ол сізді түскі асқа, кешкі мейрамханаға шақыра береді. Ол үшін бұл қалыпты нәрсе.

Мәселен, сіз бір жайтқа тап болдыңыз. Телефоныңызға тез арада ақша салу керек, оған сіздің мүмкіндігіңіз болмай тұр. Немесе ауруханаға түсіп қалып, біреуге апарып беруіңіз қажет болған құжат бар қолыңызда. Сіз кездесіп жүрген жігітіңізден өтіндіңіз.

Ал ол түрлі сылтау айтып бара алмайтынын және сала алмайтынын жеткізді. Былайша айтқанда, ол сіз үшін бәріне дайын емес. Тіпті, осындай ең қарапайым жағдайда да...

Оны «өтірік» сынап та көруге болады. Сізге тым сараң болып көрінген жігіт мұндайда барып салып көмектесуі мүмкін. Ал кейде жомарт санаған жаныңыз осындайда төбесін көрсетпейді.

5. Тек түнде келеді

Бұл жалпыға да түсінікті. Кезесу үшін тек түнде келетін жігіттің ойы ең болмағанда сүйісіп кету. Түннің өзі қап-қара құшағында сондай сырлардың көбісін жасырмай ма? Тән қалауы да көбіне түнде сыр береді.

Оны күндізгі кездесуге шақырып сынап көре аласыз.

6. Төсектес болып үлгерсеңіз...

Жеке мәселеге өтіп кетсем, кешіріп қойыңыз. Бірақ тән қалауына ертерек тояттап алып, содан соң сізден қатынасын үзіп кетпесе де анда-санда бір кездесіп жүре беретіндер бар. Әрі қарай не боларын айтпайды, не жоспары бар екені тағы белгісіз. Жәйлап сізді иемдене бастайды. Қай жерге шақырса да жүгіріп келуге міндетті екеніңізді аңғартып қояды. Бұрынғыдай сыйлау, әйел заты екен деп нәзік қарау деген жоқ. Мүмкін болса, көйлек-көншегін жуғызып алғысы келеді. Ашық сұрасаңыз да, шаңырақ құруға деген жоспарының шетін де шығармайды. Жауаптан қашады.

Міне, осыларды байқап көріңіз. Кездесіп жүрген, сезіміңіз бар еркектің бойынан осындай белгілерді байқадыңыз ба? Сынап көріңіз. Ертеңгі күні жыламас үшін...

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым

http://ernur.kz