36 жастағы астаналық Гүлмира жігіт іздеу үшін 10 жылын қалай жоғалтқанын ашық айтып берді деп жазады NewTimes.kz.

Гүлмира 25 жасқа толғанда туыстары «қашан тұрмысқа шығасың? Кәрі қыз боп отыра бересің бе?» деп жиі айта бастайды. Сөйтіп ол жігіт іздеу үшін түнгі клубтарға шығуды әдетке айналдырады. 

«Шашым ұзын, өзім көрікті болған соң түнгі клубтарда көп жігіт қырындайтын. Тіпті, коктейль ұсынып, танысып, ары қарай үйіне кофеге шақырып, таңертең астынан қалай шыққанымды білмей қалған сәттерім көп болатын. Өзімнен қатты жиіркендім. Ұяттан өлдім», - деген ол клубтан күйеу іздеудің топастық екенін түсінген. 

Әдбен шаршаған Гүлмира бір күні форумдардың бірінде өзінен  9 жас кіші Дания деген қызбен танысып, араласа бастайды. 

«Даниямен басында жай ғана сөйлесіп жүрдік. Кейін сүйістік. Маған ұнай бастады. Содан арамыз одан әрі жақындай түсті. Бір-бірімізді ләззатқа бөлеп, ұзақ уақыт жолықтық. Алайда ата-анам менің бұл әрекетім жайлы біліп, маған қатты батырып ұрысты. Мен де Даниядан бас тарттым. Оның алдында кінәлімін. Пайдаландым», - деген астаналық әйел өзіне жар болар жігітті әлі күнге таба алмай жүргенін айтады.