2019 жылдың басталғанына да 1 айдан аса уақыт өтті. Бірақ қаншама күн артта қалса да, сол түнді ұмыта алмай жүрген келіншек желіге мұңын шағып, жұрттан көмек сұрады.

Келіншек күйеуінен 5 ай бұрын ғана ажырасыпты. Жұбайымен арасы суып кеткен әйел көңіл көтеру үшін кафеге барған екен.

«Жұмыстан соң аш қарынға кішкене ішкен едім масайып қалғандай болдым. Сол кафеде екі жігітпен таныстым. Жастары 28-30-да. Содан не керек, отырыста отырып диванда ұйықтап қалыппын. Таңға жуық есімді жинақтай бастасам әлгі екі жігіт маған әбден білгендерін істепті.

Сол күннен кері өзімді кешіре алмай келемін. Өзімнен өзім жиіркенемін. Күнәға оңбай баттым», – деген ол жұрттан жөн сұрап, желідегі парақшалардың біріне мұңын шақты.