1. Қыздық «перде» — пәктік белгісі.

Жалпы «пәктік» деген әдемі ұғымның алдында 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқтығын қаперіңізге салуға рұқсат етіңіз.

Даулас-дауласпа, қыздық пердесін «жаман бала» мектепте дене шынықтырып жатып та, оңбай сүрініп құлап та жыртып алуы мүмкін. Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ.

Оған мына үш қызық жайтты қосыңыз:

  1. Қыздардың көбі алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан шықпағанын айтады;
  2. Қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады.
  3. «Гименопластика» — пердені қалпына келтіру операциясы.

Ал тұтастай қыздың пәктігіне арналған «телегония» деген нанымды ғылыми қауымдастық «дүмше ілім» деп таныған.

Сондықтан, пәктігін қыз тек өзі ғана біле алады және өзі үшін ғана сақтай алады.

2. Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.

Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды деген де шындық емес. Оны анықтау үшін әйелге дұрыс сұрақтарды қою жеткілікті. Тіпті кейде, қоғам еркектерді секстен бөтен ештеңені ойламайтын хайуан етіп көрсетуге асығыстық танытқан сияқты.

Иә, бозбалалық шақта жатса да, тұрса да эротикалық образдардан бозбаланың ұйқысы қашатын кездер бар. Айырмашылық — жігіттердің эротикалық тартымдылықты әртүрлі түсінетіндігі. Әйелдер секс туралы астарлап айтуға бейім. Ал жігіттер тіке айтады. Кейбір анық сигналдарды ұқпай қалуы да содан.

3. «Айқайласа — жақсы».

Адамның шыңғыруына неше түрлі себеп бар. Мүмкін оның жанына батып жатқан шығар? Әдетте, әйелдің бір жері ауырса, оған немқұрайлық таныту дұрыс емес. «Ауырттың» — десе, қоя қойған дұрыс. Ол көбіне, әйелдің дайын еместігінен.

Әйел шыдауы мүмкін. Бірақ шындығы сол, әйелдің ағзасы енді оянып жатқанда, жігіттің ағзасы «мен дайындықты бағана бастап қойғанмын» дейді.

4. Секс туралы кейбір тақырыптарды талқыламау керек.

Бұл енді үйленген жігіттерде жиі кездеседі. Әрине, егер әңгіме үдеріс үстінде Ницшеден цитата жіберіп қойып, Аушвицте өлген жөйттердің нақты санын есептеу жайлы болса — дұрыс пайым. Бірақ, секс туралы әңгімені тек секске жету жолы деп қарастыру — ақымақтық.

Ондай ашық сырласуларды жарыңызбен кейін де, жыныстық қатынас сапасын арттыру үшін де доғармау керек. Жасыратын не бар? Алайда, әйелдердің көбі күйеуімен тап секс туралы ашық әңгіме бастауға, не қалайтынын айтуға ұялады.

5. Бір рет жыныстық қатынасқа түскен қыз үнемі қалап тұратын мақұлыққа айналады.

Әйелдер үнемі қаламақ түгілі, жыныстық қатынастың дәл ортасында сізді қаламай қоюы мүмкін. Егер сонысын білдірсе, ашулана кетпеуге тырысыңыз. Әйелдің бұл тірлігі міндетті түрде айлығыңыздың аз шыққаны немесе қоқыс төкпей қойғаныңыздан емес болуы мүмкін. Некедегі әйелдің басында неше түрлі жағдай болады. Гормондық тепе-теңдік бұзылуы. Бала босанғаннан кейінгі «психоз» тағысын тағылар.

6. Жыныстық қатынасқа көп түскен әйелдікі кеңейіп кетеді.

Осыдан жиі естіген өтірігім жоқ. Бала туудан кейін де бұрыңғы қалпына келе алатын мүшеге қандай сұрағыңыз бар? Қынаптың үлкендігі құлақтың үлкендігі сияқты әркімде туа біткеннен әртүрлі болады. Әрине, жас ұлғайған сайын немесе босану кезіндегі кейбір процесстерден қынап бұлшық еті босап, кеңеюі мүмкін.

Тек қынаптың құлақтан жақсы тұсы, оны қоршаған бұлшық еттерін шынықтыру арқылы, оның иілгіштік, мығымдық қасиеттерін арттыруға болады. Қалай болғанда да, қынап жыныстық қатынас жиілігінен кеңімейді.