Құралай Ханым: Соңғы кезде қиындык көрiп жатқан қыздардан көп хат келiп жатыр. «Күйеуім аз ақша табады…», «Енем күн көрсетпейдi…», «Ақша жоқ…», «жұмысым ұнамайды»  т.с.с

Қыздар бiр сәт тоқтап, өздеріне сұрақ қойыңыздаршы НЕ ҮШIН??? Неге сонша қиналып жүрсің? менiң ойым бәленің бәрін өзіңнен iздеу керек! Жақында Тұрсынбектiң: «Ауылда қой бағып жүргенмiн, армандап жүріп 15 күннің iшiнде Астанадан бірақ шықтым»-дегенін естіп қалдым. Мақсатсыз, армансыз, жігерсіз, бiр сарын, тура кешегі күндi қайталаған жалқау өмірмен күндерің өтiп жатыр. Құдай тұрмақ, мен барып ұрып кеткiм келеді төбеңнен. Қазiр бұрқыраған, зымыраған, «мобильный век»! Құдайдың тұрмақ үйдегі енеңнiн жынын ұстатып, қысымын көтеріп жүрсің. Тұрсынбек сияқты мықты болып кетпесең де, шамаң жеткен жерiне дейін жақсы келiн, жаксы жар, жақсы дос болуға неге талпынбайсың? Бар азабына енеңдi, күйеуіндi, бастығынды, мемлекеттi кiналай бермей… Сен қазір сол енеге, сол ауылға немесе қалаға, сол үйге -лайықсынЕгер кiшкене де болса басқалардан ерекше болып, еңбекқор, кiшiпейiл, көркем мiнез, ақылдырақ болсаң, 15 күн емес 1 сағатта Құдай сенi Астанаға президентке көрші қылып қояр еді.

Құдай қырсық күйеу берсе,өз мiнезiндi түзе! Енем дүниеқоңыз, «жадный» десең, тағы да өзіңді ойша рентгенге түсiр. Жанымыздағылар өзіміздiң айнамыз! Соларға қара да, өзінді көр! Табиғатта бәрі сәйкес болып жаратылған! Әйтеуір бір шикiлiгiң бар болғасын береді Құдай. Тіпті алтынмын жарқырап тұрмын десең, алтынның да жаман жерi басқа темiрлерге қарағанда жұмсақтығы… ӨЗГЕР! ӨС!

Неден бастаймын десең, кәзір ақпарат өте көп! Мига ештеңе кiрмесе, инстаграмдағы бай, бақытты әйелдердің лабутенiне лайк қойып уакытты құр өткізбей, үйінді тазалап, моншаға түсте, «фәлақ» пен «нас» сүресін 40 рет оқы, тағы да кiрмесе осылай 21 күн қайтала. Қозғалшы айналайын, не iстеймiн деп жатып ап зарлай бермей. Жүрген аяққа жөргем iлiнедi! Еңбек етiп, жыбырлап, iзденгeн адамға береді Құдай!

Құралай Ханым, танымал блогер!