Мастурбация

ОқырманСәлеметсіздер ме, өтініш атым аталмаса екен.  Менің өте қатты алаңдайтын мәселем, мастурбациямен айналысып жүрмін….

Жасым 16-да. Мен өзімнің орным тозақта екенін білемін, дінге сенемін.  Бірақ бұзылып, басқа жігіттерге жолаған жоқпын. Бұл әдетті еш қоялмай келемін. Істеп болған соң, өкіріп жылап, өзімді жек көріп кетемін. Неге, неліктен нәпсімді тыя алмаймын. Білем, бұл хаттан кейін мені барлығы жамандайды, мен дайынмын барлығына. Бірақ қалай қойсам болады деген сұраққа жауап тауып берсеңіздер екен…..

Шолпан Жусанбаева сексолог: Сіздің діни сеніміңізге деген құрметіңіз бар. Бірақ тәніңіз де сондай көңілді қалайды.

Сіздің жасыңызға байланысты   тоқталатын болсақ, (16 жас) дәл қазір ағзаңыз гормондық өзгерістерге түсіп, ана болуға дайындық үстінде. Бұл жыныс мүшесінің де гиперониялық өзгерістерін (жыным мүшелеріндегі қан, күйіттік өлшемдерінің өсуі, жыныс мүшелерінің үлкеюі), алдын-ала қозу, ашуланшақтық пен көңіл күйдің құбылмалы болуына соқтарады.

Өзіңіздің аяғыңыз бен шашыңызға: «Енді, өспеңдер! Мен солай шештім» деп айтып көріңізші. Ол бәрі-бір тыңдамайды ғой. Солай ма? Аяғыңыз бен шашыңыз өссе, не істейтініңіз белгілі… Ал өзіңнің интимді аймақтарыңа не істеу керек? Өз тәніңе қалай «Әйел болма!» деп айта аласың?

Біріншіден, сіз қазір бір адамның махаббатына зәрусіз. Төсек қатынасын қалағандықтан оны өзіңізге «дәрі» ретінде беріп жүрсіз.

Екіншіден, әлі пәк болғандықтан өзіңізді қанағаттандыру үшін мүшеңізге басқа заттарды пайдаланбаңыз.

Үшіншіден, оған деген тәуелділіктен құтылу үшін денеге күш түсіретін істермен айналысу керек. Мысалы спорт түрлері немесе би.

Төртіншіден, тек жыныс мүшелеріңізді ғана емес, бүкіл денеңізге назар аударуды доғару керек. Өзіңізге бастан аяққа дейін массаж жасап көруіңізге де болады. Ол сізді серпілтіп қана қоймайды, жыныс мүшеңіздің қозуына да кедергі болады.

Мен сіздің болашақта жақсы әйел болып, пәктігіңізді, махааббатыңызды, нәзіктігіңізді күйеуіңізге сыйлайды деп сенемін.