Дайындаған: ҚР "Қазақ психологиялық қоғамы" бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы.

  1. Ана әр уақытта да, қандай ауа-райына қарамастан серуенге шыға алады.
  2. Ана әрқашанда ерте тұрады (әр күнді жақсы өткізуге тырысады).
  3. Ана әрқашанда қозғалыс үстінде!
  4. Ана тамақтану жүйесіне көңіл бөлу керек, (физикалық, психологиялық тұрғыдан да әлсіреп шаршайды, сондықтан да тамақтың атқаратын қызметі жоғары).
  5. Ана өз денсаулығына көңіл бөлуі тиіс (сізге ауруға болмайды, өйткені сәбиіңіз бар).
  6. Аналар халықтық медицинаның емделу жолдарын таңдайды (бәрін емес әрине, итмұрын, таңқурай, қырықабат жапырақтарымен, мүкжидек, лимон, зімбір).
  7. Ана балаларына жақсы үлгі көрсету үшін өзінің ұнамайтын мінезімен күресуі керек және, жақсы ана болуға тырысу керек.
  8. Ана әрқашанда баласының қайталанбайтын қылықтарымен бақытты. (Баланың күлкісі, таңертең балаңызды құшақтап сүйген анаға қуаныш, қайталанбас нәзік сезім сыйлайды).