Сәлеметсіздерме! Гинекологқа қояр сұрағым бар еді. Етеккір циклы жайлы естуім көп, десе де, тәжірибем жоқ. Бүгінде бала көтермеу үшін оны пайдаланып көргім келеді... Маған кеңес беруіңізді өтінемін.

Оқырман

Байтурина Нұрия Мажитовна

Жоғары санатты гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты:

Етеккір циклімен «қауіпсіз» жыныстық қатынасқа түсіп жатады. Кейде бала көтеру үшін де ол қолданысқа ие. Әйтсе де, етеккір циклінің пайдасын 100 пайыз-ға нақты айту өте қиын. Себебі, онда да ауытқулар болып тұратындықтан дәл бір уақытты көрсете алмаймыз, өйткені, ол кейде кеш, кейде ерте келеді. Ең негізі сенімді әдіс: мүшеқаптар, дәрі-дәрмектер, сонымен қатар, спираль тәрізді тексерілген қорғаныс құралдары. Ал бұл әдіс кейде сенімді, кейде сенімсіз, бірақ овуляция цикл ортасында болып есептелінеді. Яғни, етеккірдің бастапқы күнінен санағанда он төртінші күн. Үш күн алып не қосамыз, осы кезең бала көтеруге ең қауіпті кезең. Ал жыныстық қатынастың «қауіпсіз» болуы үшін етеккір цикліне сай мынандай тәсіл де ұсынады. Етеккір циклі әдетте 28 күн болса, бірінші күннен тоғызыншы күнге дейін және он тоғызыншы күннен жиырма сегізінші күнге шейінгі уақыт «қауіпсіз» саналады.

Біздің ақпарат сіздің кәдеңізге жарар деген үміттеміз. Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!