Сəлеметсіздер ме! Мен бір іштегі сырымды айтайын деп едім. Жасым 26 да, мақтанғаным емес өте көрікті қызбын. Тұрмыс құрмағанмын, өте жақсы жұмысым бар. Жігітім бар болатын, Ол мені мамасымен таныстырған, бірден әке шешең қайда істейді деп мамасы сұрақ қойды. Менің әке шешем қайтыс болған дедім.

Кейін құдашасынан естідім... Бізге жетім қыз керек емес, депті... Құда-құдағи керек деп айтты... Не керек мен ол кезде намыс жеңіп кетті ма, бірден оны тастап басқалармен жүрдім.

Ол үй жақтан күтіп алатын... Мен айттым бірден мені олай қорламасын деп... ол кешірім сұрады мамасы үшін. Мен кешірмедім.

Содан ол Актөбеге кетіпті деп естігенмін. 3-4 күннен соң қайтыс болыпты деген хабар естідім құдашасынан.

Не істерімді білмедім... Достарымен хабарласа да үйіне бара да алмадым. Мамасы маған құдашасыныкымен хабарласып қарғап сіледі. Мен не айтарымды білмей қалдым. Сол күйі ештеңе біле алмай кеттім. Одан кейін нөмер ауыстырғанмын. Өте қиын жағдайда болдым. Қазір сөз салып жүрген жігіттер бар, бірақ ештеңе де ешкімді де қаламаймын...

Өзіме не болғанын білмеймін. Мүмкін мен психолог маманның көмегіне жүгінуім керек шығар?