Сәлем, Мінезді өзгерту мүмкін бе ?! Менің өмірім сәби күннен ауыр. Анам тастап кетті, әкем қайтыс болды. Үйдегілер мені қорғағысы келгендіктен шығар, қатал қарады.

Шешемнің жеңілтек болғанын бетіме басып, кыдыруға, жүріп қайтуға шықсам кейде ұрсып, кейде сабап, кейде сөйлеспей қоятын. Менің өміріммен ешкімнің шаруасы болмаған.

Қиналсам да, кұласам да бар қиындықты бір бұрышта тығылып, кеудемді қысып шығаратын едім.

Үйде ешкім өміріме қызықпайды, тек тамағым болса болды деп ойлайды. Ал менің балалық шағым ше?

Ананның тірі жүріп, қасында керек кезде жоқ болғаны қандай ауыр, білесіздер ме?!

Шынымды айтсам, өмірмен арпалысудан шаршадым. Мінезім әрине ауыр. Мен жылылықты көрмей өстім, махаббатсыз өскен баладан басқа не күтуге болады?

Өзіме жылы табақ танытып, әрқашан телефон шалып, маған келіп жүретін жігітті жақсы көрем екен деп бір жыл жүрдім. Отбасымен таныстым. Бәрі де жақсы болған, бірақ , жұмыста жүріп мені ұмыта бастаған кезінде ұрсыса бастадық.

Мені сүймейсің деп бетіне бастым. Кейін көңілім баскаға ауып, жігітім оны біліп, ұрсыстық. Кейін ішкенімді ата-анасы біліп, арамыз одан сайын бұзылды.

Йә, жаман қылықтарым аз емес. Өмірге бейімделе алар емеспін. Жылы қараған адамды жақсы көреді екен деп шатасып әбден мезі болдым. Жігітпен жүрмей жүре алам , мәселе ода емес, мен өмір сүруді әлі уйренбедім. Қалай ашушандықты, аңқаулықты, бауыр басуды жеңсем екен?

Адамдарды әлі тани алмай келем. Көмек беріңіздерші. Өтінемін.

Аноним