Сәлеметсіздерме қыз келіншектер! Ақыл кеңестеріңізді айтсаңыздар.

Менің тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды, сол 3 жылдың ішінде күйеуіммен қанша ұрысып қалып үйге келемін, қайта барамын, екі ортада жүремін солай... Қазір де өз ата-анамның үйіндемін, бір қызым бар, өзім аяғым ауыр, 5 айлық. Кеше күйеуім звондап, ажырасамыз, болды сенімен тұрғым келмейді дейді, не айтарымды білмей қалдым. Түсінбедім неге олай айтқанын... Енді не істерімді білмеймін, әбден басым қатты...

Өзім бірінші қызымды әрең өсіріп едім, екіншісін де қыз деп жатыр, білмеймін, оны босанып өсіруге күшім, шыдамым жетпейтін сияқты...

Әкем де қатал кісі, уйде босанып отырғанымды қаламайды, куйеуім бір звондамайды, енем алдында қыз алып беремін деген... Мүмкін қыздармен жүріп жатыр ма, ойым жан жаққа кетеді.

Білмей қалдым, ішімдегіні аборт жасатуга болады ма? Әлде қате ме? Кеңестеріңізді берсеңіз екен... Рахмет.

Аноним