Қазір массаждың неше түрі бар. Соның ішіндегі өздерін тек еркектерге арналған деп жарнамалайтындары күмән тудырады. Өйткені олардың бағасы VIP-секс қызметімен пара-пар және суреттерінде кілең жаңалаш қыздар отырады.

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі боди-массажбен айналысатын бикештердің анкеталарын әлеуметтік желіден іздеп көрді.

Бұл салада «Іздегенге – сұраған» болып табыла кететіндер көп екен. Әрине, сұраныс бар. Әйтпесе, мұндай жарнама ғаламторда бұлайша өріп жүрмес еді.

Алғашқы болып табыла кеткендердің бірі – Мадина Сайфудинова есімді қолданушы. Анкетасына қарасақ, 27 жаста. Мамандығы – экономист. Бірақ айналысатын ісі мүлдем басқа.

Мадинаның жеке парақшасында тек боди-массаждың жарнамасы, сосын төмендегідей тым ашық фотосуреттер қойылған.

«Нұрсаяға» шақырып жатыр…

Мына қыздарға массажға кімдер барып жүр екен?

Боди-массаждағылар жарнамаға әдемі әрі жартылай жалаңаш бикештердің фотоларын пайдаланады.

Тіпті оларда мынадай да сурет бар.

Айтқандай, жоғарыдағылардың ешқайсысы интим-қызмет ұсына алмайтындары туралы жазбаған. Ал мына анкетаны салғандар сол жағына назар аударған сияқты.

Әлеуметтік желіде боди-массаж ұсынатындарды тізе берсек, талай уақыт отыратын түріміз бар. Сондықтан осылармен шектелгенді жөн көрдік.

Айта кетейік, ғаламтордағы мәліметке сүйенсек, боди-массаж – ұқалаудың қолмен ғана емес, жалаңаш денемен де жасалатын түрі.