Менің тұрмыс құрғаныма биыл 5 жыл болады. Жолдасым керемет жан, сөз жоқ. Сүйіп қосылдык. Бір шаңырақтың астында 8 жан тұрамыз. Атам, енем, мен, жолдасым, қайынагам, абысыным және олардың 2 ұлы. Өзімнің ата-анам қайтып кеткен соң ба, ата енемді өте жақсы көрем өз ата-анамдай. Оларда мені өз кыздарындай көреді.

Бар мәселе абысынымда. Өзі менен 7 жасқа үлкен. Үлкендігін еш көрсеткен емес осы 5 жылдың ішінде. Қайынагам өте жуас жан. Атам мен жолдасым әскери қызметтегі  адамдар. Түзде көп жүреді. Абысыным енемді мүлде сыйламайды. Дауыс көтергені былай тұрсын, қол да көтеріп жатады. Оны атам мен күйеім білмейді. Енеме неге айтпайсыз десем, отбасында тыныштық сақтау міндетім деп қысқа қайырады. Мен айтайын десем енемнен қалай аттап өтем.

Кезекті ұрыста енемді қорғаймын деп ұмтылғанымда  абысыным мені итеріп жіберді, ішіммен үстелдың шетіне соғылдым. Қансырап кеттім, сөйтсем ішімдегі 4 айлық балам шетінеп кетіпті. 5 жылда әрең көтерген нәрестем еді. Жолдасым екеуміз қатты қиналдық. Шыдамай бәрін жайып салдым. Қайынағам айырлысамын деп қоймайды, араларында 2 балапандары бар ғой. Екі отрада мен кінәлі болған сияқтымын.

Оларға бөлек шығындар десек, өздері шықпайды. Біз кетейік десек депозитте ақшамыз әлі үй алуға сәл жетпейді. Әрі ата- енемді де қимаймын. Үй жалдайық десек, жолдасым ақша бекер кетеді деп оған да келіспей отыр. Осының ішіндегі ең сорақысы, маған енді бала көтере алмайсыз деген дәрігерлердің айтқаны жаныма қатты батты. Жолдасымды аяймын, бала көрсе көзі жәутеңдеп кетеді. Мен не істейін? Айырлысып оның бағын байламайын ба? Бір жағынан абысыным мен қайынағам бар, олардың ажырасуына өзімді кінәлі сезінем. Ақыл қосыныздаршы. Жалынып сұраймын.

Аноним