Қазіргі таңда қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуы туралы мәселе жиі талқыға түсіп жүр. Оны жақтайтындар да, даттайтындар да табылады. Осы орайда, NUR.KZ Грекияға келін болған, тараздық Аселина есімді бикештен сұқбат алыпты.

Кейіпкердің айтуынша, бірінші қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан. Өкінішке орай, ол жігіттен ерте айырылады. Оның артында бір қызы қалады. Кейіннен тағы да отбасын құрған. Бірақ екінші жігіт пен жігіттің туыстары балалы әйелді аса жақтыра қоймаған.

Ал қазіргі жұбайымен 2012 жылы балаларын Грекияға байқауға апарған сәтінде танысқан. Аселинаның сөзіне қарасақ грек ұлтының азаматы балаларына жақсы қарайды және оған деген күйеуінің туыстарының да көзқарасы дұрыс екен.