Соңғы кездері ауа-райы тым қатты ыстық болып кетті… Көпшілігі осы уақытта үйден шықпаса да, ыстық ауа райынан әлдері құрып жүргенін айтуда. Осы орайда біз пәтеріңізді салқындатудың 5 әдісін ұсынамыз!

Кондиционер орнатыңыз

Кондиционер бөлмені салқындатудың тамаша тәсілі. Бір рет сатып алу арқылы жыл он екі ай бөлменің климатын бақылауға мүмкіндік аласыз. Бірақ оны орнататын орынды дұрыс таңдау керек, мысалы диванға, тамақтанатын болмаса жұмыс үстеліне тіке бағытталмағаны жөн.

Желдеткіш сатып алыңыз

Кондицинердің қымбат емес бір түрі желдеткіш. Ол бөлмелер арасында тасымалдауға ыңғайлы, әрі пульт арқылы басқара аласыз. Бұл желдеткіштердің корпусы металдан болғаны жақсы. Желдеткіштердің түрлері де өте көп, олардың кішкентай немесе үлкен болуы да мүмкін. Айнаның алдына, үстелдің үстіне қоюға ыңғайлы.

Бөлмені дымқылдандыру

Егер бөлмеңіздің терезесіне күнге түспесе әрі тым қатты ыстық емес болса, тек ауаны ылғалдандыру да жеткілікті болады. Бұл құрал бөлмені ылқалдандырып, ауаны да хош иіске бөлейді. Сонымен қатар күн сайын еденді салқын сумен жиі жуған жөн.

Терезені ашпаңыз!

Ыстық күні терезе ашып желдетемін деген бос әурешілдік екенін түсініңіз! Бұдан келер пайда жоқ. Терезені ашып бөлмегетек  ыстық ауа кіргізесіз. Сол себепті терезені түнде ашып, терезеңізге перде емес, жалюзи таққан дұрыс.