Сахнада өзін қыздар секілді ұстап, денесіне жабысқан киімдер кигенді жақсы көретіндіктен болса керек, жұрт әнші Әлішер Кәрімовты гей болуы мүмкін деп жиі айтады.

Мұхит Сапарбаевтың «Ойбай, Life» бағдарламасында қонақта болған Әлішер өзін қызтеке деп жүргендерге жауап берді.

Журналист әншінің жеке өмірі жайлы сұраған болатын.

«Бұл менің өз өмірім. Не істемін, не қоямын оны өзім білемін. Адам баласы үшін өмірлік серігін таңдау өте маңызды», - деп қысқа қайырды.

Ал, өзі жайлы шығып жатқан «гей» деген алып-қашпа сөзге Әлішер былай деп жауап берді: «Ой, мен туралы ел не демей жатыр дейсің. «Гей» деді, басқа деді. Ешкім менің көрпемнің ішіне шам жағып көрмеген шығар», - деді әнші. 
Десе де, ол өзінің гей еместігін ашып айтпады.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Әлішер Кәрімов сүйіктісімен айрылысқанын жазған болатын. Бірақ көпшілік олардың махаббаттарының шынайы болғанына сенбейді. Өйткені оның сүйіктісі Әлішермен өте сирек кездесетінін айтқан еді.