Мирошниченко Лариса Владимировна, сексолог, психолог:

Әр еркектің өзіндік көзқарасы пен тілек-ниетіне сай белгілі бір «қалауы» болып тұрады. Бір еркекке ұнамаған дүние екінші еркекке ұнауы мүмкін.

Мәселен, қысқа белдемше немесе мінездегі бірбеткейлік кейбіреуі үшін әйелдегі сексуалдық стимул саналса, ал басқалары мұны ерсі деп есептейді. Өйткені, әрбіреуінің өзіндік тәжірибесі арқылы келіп отырған дүние бұл. Дегенмен, уақыт өте келе жасы үлкейген сайын ер адамдардың көзқарасы да, қалауы да өзгере түседі.

Сондықтан, мен бізге белгілі жақтарын қарастыра кеткім келеді. Еркектің қалауын биологиялық тұрғыда анықтауға болады. Ұрықтану үшін олар дені сау әйелді қалайды. Артық салмақ, шаштың түсуі, бүкірейген иық, төмен түскен көзқарас пен сүйреп басқан қадам ортажастағы еркектерді кері итермелейді. Онымен қоса, әйелдердегі салақтықты айта кету керек, яғни, әйел өз-өзіне назар аудармай, жеткілікті күтім жасамауы. Мұндай жағдай әрине, психологиялық қиындықтар мен күйзеліс кезінде, ауырғанда «мұны ойлайтын жағдайда емес» болғанда орын алады.Десе де, сыртқы болмыс сұлу болып тұрса, қандай-да еркек болсын, назар аудармай қалмас. Керісінше, сол әйелді одан сайын танығысы келіп, жақынырақ сөйлескісі келіп тұрады. Сонымен қатар, еркектерге әйелдердің нәзік болғаны ұнайды. Ер мінезділік әйел жанын әдемі көрсетпейді, мұндай жағдайда арада қарама-қайшылық орын алады.

Еркектерде әйелдер тәрізді қошемет сөздерді жақсы көреді. Жолдастарымен ажырасқан әйелдердің біразы физиологиялық тұрғыда оны қанағаттандыра алмадым ба деп жатады. Мұны да ескерген жөн, дегенмен, айта кетер басты себептердің бірі, әйелдер еріне қолдау білдіріп, қолпаштап отыруды ұмытып кетеді. Еркектің мықты бола түсуі әйелге тікелей байланысты, сондықтан, әйел оның жақсылығын асырып, жамандығын жасырып отырса, еркек үшін сол бақыт. Сонда ғана қуаты артып, күш-жігері күшті болады. Үнемі еркекті «басып, төмендетіп» отыратын әйелдерден олар бас тартады.Жолдасының, ерінің кемшілігін түземес бұрын, әйел өз бойын тазартып,идеалды болуы қажет екендігін ұмытпағаны дұрыс. Осы тұрғыда, өзіңіз үшін ғана емес, еріңіздің құштарлығын артттыру үшін жай ғана мына ережелерді есте сақтаңыз:

  • Көңілді
  • дені сау
  • тартымды болу.