Инабатты, әуретті жерін жауып, ұзын көйлек киетін бұрымдылар. Бұл жиырмасыншы ғасырдағы қазақ қыздарының көрінісі. Ал қазіргілері қандай?

Қысқа көйлек кигендердің бәрі батыстық мәдениеттің жетегінде кеткені ме, әлде кимегендері «модадан» қалғандар ма, білмеймін. Әйтеуір, желіні «қысқа юбкалар» жаулап алды.  Отбасылы әйелдердің «сорына» айналған бұлардың желідегі парақшасына түрлі хаттар келеді екен.

Қысқа юбка кигіш қазақ әпкемнің жанайқайы мынау. Мадина Байжастың фейсбук парақшасынан алынған:

«Жиырма бірінші ғасырға аяқ тіресек те, ескіліктің көзі кетер емес. Әр адам заман талабына сай жүргісі келеді.
Мен де солардың қатарынанмын.

Қырық градус ыстықта қысқа белдемше киіп алған маған, қырық градуста ыстықтағанша, бірден тозақта өртенуге «кеңес» берді.

Мынаған не дейсіздер?

Иә, қазақтың қызымын, иә, қазақ жерінде кіндік қаным тамған, иә, ата-бабамның есті сөзін есітіп, оқушы кезімде ұлы Абайды қара сөздерін мен де жаттағам. Бойымнан қазақылықтың иісі есіп тұр.

Қазақпын деп енді қазақша көйлек қана киіп жүруім керек па?

Қысқа юбкада тұрған не бар?

«Тозақта өртенесің»,- дейді маған бір ақылгөй. Қысқа юбка кигенім үшін маған бұлай десе, қыздардың 99 пайызы тозаққа кетеді деп ойлай беріңіз.

Маған бұлай деуге қақысы бар ақылгөй Құдай ма еді? Осы сөздері үшін «діншілдерің» күнәһар атанып кетпесе болғаны.

Фейсбукті ақтарып, қысқа киген қыздарға тоқталмай-ақ, көзіңді жұм да өтіп кете бер. Ақылың тасыса, үйдегі әйелің мен қызыңа айтарсың. Менде шаруаң болмасын. Тозақта өртенем бе, жұмақта болармын ба ол- бір Құдайдың ісі.

Арақ ішіп, шылым шегіп отырып, желіде сүттен ақ «діншілдерден» қалдық қой… Ал, қысқа юбканы кием бе, жоқ па ол менің өз еркім! Менің күнәмді өздеріңе артпай-ақ қойыңдар! Айтарым-осы», деп күйініп отыр Мадина.

365info.kz