Атақты «Dolce&Gabbana» брендi мұсылман киiмi-хиджабты басты назарға алып, коллекцияларын тағы бiр рет жаңашылдықпен толықтырды.

Осы жолғы топтаманың ерекшелiгi қымбат қара жiбек маталар мен шведтiк атластар, түрлi-түстi гүлдермен өрнектелген, ерекше тігістері болып табылады. Дизайнер Стефано Габбана жаңа коллекция жайлы «Мен шын мәнiнде де Шығыстық үлгiлерге тәнтiмiн. Бiз жақында ғана Abayas атты мұсылман жинақ топтамасын аяқтадық. Әсем тiгiстер, баулар, iзтаңбалар биылғы шығыстық үлгiдегi топтамаға жаңа леп бередi деген ойдамын»,- деп oй бөлiскен.

Сатып алушылардың 22%-н мұсылмандар құрайды, сондықтан олардың да талғамын ескерiп, көңiлдерiнен шығатын топтама ұсыну керек болғандықтан биылғы коллекцияға 484 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. Dolce&Gabbana мұсылман киiмiн ұсынып отырған жалғыз бренд емес, онын iшiнде Tommy Hilfiger, DKNY және Monique Lhuillier бар.