Әдемі киіну, сәнді көріну тек ақшаға ғана тәуелді емес екенін бұрыннан айтып келе жатырмыз. Ең бірінші, талғам керек! Мысалы қымбат көйлекті киіп алып, аяғыңызға бір туфлиді іле сала жүгіріп кету дұрыс емес.

Біздің аяғымызға ешкім қарамас, көйлегім «жауып» тұрады деп ойлайтынымыз шындық. Бірақ, бұл үлкен қателік екен. Аяқ киім—үстіңіздегі киіммен қатар, өзіңізге де сән беріп, мүсініңіздің артық—кем тұсын дұрыстайды. Ал аяқ киімнің қымбат көрінуі үшін қандай қателіктерді жібермеу керек екенін бүгін талдап көрелік.

 

Лакталған аяқ киім.

Лакталған аяқ киімдерді сапасыз дей алмаймыз. Бірақ оны табу қиын, екіншіден, оның түсіне көп нәрсе байланысты. Мысалы қоңыр, қара және қою қызыл түстер қымбат көрінеді. Алқызыл және көк түстерге таңдау жасамаған дұрыс.

«Өтірік» былғары

Мойындау керек көпшілігіміз ақшасын есептеп, арзанына қарай жүгіретініміз рас. Бірақ жалған былғары терілер бәрі-бір білініп тұрады. Сондықтан «арзанның сорпасы татымай» қалып жүрмесін.

Хэви металл

Егер сіз байкер болмасаңыз, мұндай аяқ киімдерді таңдамай-ақ қойыңыз. Белдік, білесіз немесе сөмкелерге хэви үйлесуі мүмкін, бірақ тек аяқ киімге емес.

Өлшемінің дұрыстығы маңызды.

Үлкен немесе кішкентай аяқ киімдерді киіп, үстіңізге гауһармен көмкерілген көйлек киссеңіз маңызы жоқ. Себебі: «дүниенің кеңдігінен не пайда?».

Сызылған аяқ киімдер. 

Дұрыс жүрмегендіктен аяқ киімдердің сырты сызылып, сапасы бұзыла бастайды. Еңбірінші бұл ұқыпсыздықтың кесірі. Сол себепті ондай аяқ киімдерді ескі заттардың қасына қоя бергеніңіз дұрыс болар?!