Әрбір қыз бет-әлбетімен әбігерге түсіп жүретіні белгілі. Біреу безеумен аласады, енді бірі қасын сызып әлек, тағы бір топ әдемі кірпіктерге ұмтылады. Соңғы кездері жасанды кірпікпен жүру сәнге айналып кетті. Әрине әдемі болып жүрген жақсы. Бірақ сол әдемілікке табиғи жолмен де жетуге болады екен. Көпшілік қыздардан шашы мен кірпігін өсіру үшін майсана майын қолданатынын естіп жүрміз. Бірақ оны қалай қолдану керек екенін білесіз бе?

Бізге керекті заттар:

  • Майсана майы;
  • Сәбіз шырыны;
  • Шабдалы майы;
  • Миндаль майы;
  • Ошаған майы;
  • Алое шырыны;

Кірпікке күтіміне майсаны майының ерекше көмегі бар. Ол кірпікті тамаша сергітетін, әрі демалдырады. Майсана майын аптасына 3-4 рет пайдалану ұсынылады. Бірақ оны көзіңізге тамызып алудан сақтаныңыз.

Кірпігіңізді өсіруді қаласаңыз майсана майына сәбіз шырынын қосып пайдаланыңыз. Сонда нәтижелі болмақ. Себебі сәбіздің құрамында өсуге ықпал ететін А дәрумені мол. Сәбіз шырыны мен майсана майын бірдей мөлшерде араластырып қоспа жасаңыз.

Кірпігіңіз жиі түсетін болса шабдалы мен миндаль майын майсана майымен арастырып қолданыңыз. Егер көзіңіз тым сезімтал болып, оны зақымдап аламын деп қорықсаңыз, тек ұшына жағыңыз.

Ошаған мен майсана майын бірдей мөлшерде араластырып, алоэ шырынын аз мөлшерде қосып қоспа дайындауға болады. Шетканың көмегімен кірпіңізге жағып жүріңіз. Аптасына 1-2 рет жасаған дұрыс.