Қыз алып қашу ҚР Қылмыстық кодексінің 125 бабы – адам ұрлау бойынша қаралады. Егер ұрланған адам құқық қорғау органдарына арыз түсірсе, алып қашқан адамға 4-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қыз кəмелетке толмаса жазасы 7-12 жыл, яғни ауыр болады. Ал адамды ұрлаған соң, оны жібермей ұстап отыруы мүмкін. Ондай жағдайда “Адамды бас бостандығынан айыру” деген тағы бір бапты қарастыруға негіз болады. Бірақ ұрлаған адамды қайтадан босатып жіберген болса, жазаға тартылмайды.

Заңгердің айтуынша, қызды алып қашқан жағдайда барлығы қыздың таңдауына қалады. Сотқа берсе, ұрлаған адам жазаланады, болмаса қалады. Алып қашты деп сотқа арыз түсіретіндер біздің елде тым аз болса да кездесіп қалады. Қыздың туыстары моральдық шығын талап етіп, істі сотқа жеткізбеуі де мүмкін. Негізі, көп жағдайда қыз өзі қалып қояды.

Нұрсұлтан Қалқашев, заңгер